Жаңа Конституция жастардың дамуына жол ашады

Жаңа Конституцияда жастарға мол мүмкіндік пен жан-жақты қолдау қарастырылған.

Құжатта білім мен ғылымды дамытуға, инновацияны қолдауға, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына және жұмыспен қамтылуына басымдық берілген. Сондай-ақ жас кәсіпкерлерді қолдау, өзін өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасау, жас отбасыларды әлеуметтік қолдау және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылған, дейді қазақстандықтар.

БЛИЦ: 

- Білім, ғылым инновацияны дамытуға бірінші рет осы біздің ата заңымызда арнайы баптар арналып отыр. Мінеки жастарға тұңғыш рет конституциялық негізде сонлай жағдай жасалып отыр. Сапалы, қолжетімді, бәсекеге қабілетті еңбек рыногының сұранысына ие болған маман ретінде қалыптасуына.

- Волонтерлерді арнайы тіркеу мақсатында реестр жүргізіліп жатыр. Яғни ол жердегі жастардың волонтерлық бағытта жұмыс жасаған уақыттары арнайы еңбек өтілі болып санадатын болады. Бұл жастарға біршама қолдау деп айтуға толық негіз бар. 

- Ең қатты көңілімізден шыққаны - бұл 30-бап. Жағдайы жетіп тұрған баласы өзінің ата-анасын қарауға қамқорлығына алуға оған жасы келген кезде қамқор болуға міндетті деген арнайы бап енгізілген. Сондықтан бұл өте қазіргі қоғамда қажетті. Ата-ана мен баланың арасындағы байланысты нығайтуға көмегін тигізеді деп есептеймін.