Бір палаталы парламент жауапкершілікті күшейтеді
Парламенттік реформаның басты мақсаты – билік институттарын халыққа жақындатып, шешім қабылдау үдерісін ашық әрі қолжетімді ету.
Халықаралық сарапшылар осылай дейді. Елде 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Жаңартылған Ата заңға сәйкес, Қазақстанның заң шығару жүйесі түбегейлі өзгеріп, екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы Құрылтай құрылады. Сарапшы Камен Величковтың пікірінше, бұл заң шығару үдерісін оңтайландырып, депутаттардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік бермек.
Камен Величков, Әулие Климент Охридски атындағы София Университетінің шығыс тілдері мен мәдениеттері орталығының зерттеушісі:
- Бір палаталы парламентте саяси партиялардың рөлі айрықша артады. Барлық саяси партиялар басшылық құрамын жаңартты. Құрылтай Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі қалыптастыру үшін ерекше маңызды болмақ. Бұл әсіресе вице-президентті ұсыну және атқарушы биліктің жаңа құрамын жасақтау мәселелерінде байқалады.