ОСК төрағасы ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушыларымен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Нұрлан Әбдіров ТМД Парламент-аралық Ассамблеясының бай-қау-шылар делегациясының басшылығымен кездесті. Жүздесуде Құрылтай депутаттарын сайлауға дайындық барысы, сондай-ақ миссияның жұмыс жоспарлары талқылады.  

Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы,..  бірлестік бай-қау-шыларының еліміздегі сайлау науқандарға тұрақты түрде қатысып келе жатқанын  және екіжақты ынтымақтастықтың көп-жылдық тәжірибесін ерекше атап өтті. Айталық, Құрылтай сайлауына 250-ден астам халықаралық бай-қау-шы тіркелді. Олардың қатарында Еуропа елдері мен ТМД мемлекеттерінің өкілдері бар. Алда байқаушы саны көбеюі мүмкін, тіркеу 17 тамызға дейін жалғасады. Бүгін 9 шет мемлекеттен және 4 халықаралық ұйымнан 155 кандидатты аккредиттеуге ұсыныс түсті. Олардың қатарын-да ТМД Бай-қау-шылар миссиясының мүшелері бар.

Елена Еременко, ТМД ПАрламентаралық ассамблеясының халықаралық байқаушысы:

- Халықаралық байқаушылар тобы ретінде жинаған барлық мәліметімізді институтымыздың сарапшыларына жолдаймыз. Бұл сайлау процесіне объективті баға беруге мүмкіндік береді. Жиналған мәлеметтің барлығы кейін Қазақстандағы сайлауды ұйымдастыруға жауапты органдарға ұсынылатын есеп пен қорытынды ақпаратқа айналады.