Сарапшы: Қазақстанда Парламент рөлінің күшеюі түркі елдерін жақындастырады
Қазақстанның саяси жүйесінде Парламент рөлінің күшеюі түркі елдерін жақындастырады.
Түркиядағы Әділет және даму партиясының Бас төрағасы, Режеп Тайып Ердоғанның Түркі мемлекеттерімен байланыстар жөніндегі орынбасары Күршад Зорлу осылай дейді. Оның айтуынша, Құрылтай атауының өзі Түркі әлемі үшін ерекше маңызға ие. Сондай-ақ ол аталған өзгеріс билік институттарының дамуына жаңа серпін береді деп санайды.
Күршад Зорлу, сарапшы:
- Қазақстанның саяси жүйесінде парламенттің рөлін күшейту – бүкіл түркі әлемі үшін де маңызды қадам болып табылады. Бұл өзгеріс билік институттарының дамуына жаңа серпін береді. Өздеріңіз білетіндей, Түркия да парламенттік жүйе дәстүрінен шыққан мемлекет. Осы тұрғыдан алғанда, екі елдің парламенттері арасында ынтымақтастықтың нығаюына жол ашылады.