Құрылтай сайлауы түркі әлемінің назарында
Құрылтай сайлауы – Қазақстанның саяси жүйесіндегі маңызды кезең.
Заң шығарушы органды бір палатаға көшіру және оның құрамын жаңадан жасақтау елдегі саяси үдерістерге ғана емес, Орталық Азия мен тұтас Түркі кеңістігіне де әсер етеді. Түркі әлемі радио және телевизия журналистері бірлестігінің төрағасы, TRT арнасының тілшісі Олгунай Көсе осылай дейді. Оның пікірінше, бұл қадам Түркі мемлекеттері арасындағы өзара ықпалдастыққа да серпін береді. Өйткені Қазақстан экономикалық және геосаяси тұрғыдан Орталық Азиядағы стратегиялық маңызы жоғары мемлекет, - дейді сарапшы.
Олгунай Көсе, Түркі әлемі радио және телевизия журналистері бірлестігінің төрағасы, TRT арнасының тілшісі:
- Қазақстан – Орталық Азиядағы, Түркістан кеңістігіндегі біз үшін аса маңызды мемлекет, ата жұртымыз. Сондықтан оның тұрақты дамуы бүкіл Түркі әлеміне әсер етеді. Бұл сайлау Қазақстанда демократиялық институттарды одан әрі нығайтуға бағытталған жаңа кезеңнің басталуына негіз болады деп ойлаймын. Қазақстан - Ресей, Қытай және Орталық Азия арасындағы экономикалық әрі геосаяси тұрғыдан маңызды мемлекет. Сол себепті сайлау нәтижесі Қазақстанға да, бүкіл түркі кеңістігіне де оң әсер етеді деп сенеміз.