Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы
Алматыда тәуелсіз байқаушылардың Ақпараттық штабы өз жұмысын қайта бастады. Бүгін Орталық қоғамдық коммуникациялар орталығында алдағы Құрылтай сайлауына арналған брифинг өтті.
Ақпараттық штаб бұған дейін республикалық референдумда жұмыс істеген. Ұйым сайлау процесіне қоғамдық мониторинг жүргізіп, тәуелсіз байқаушылар, азаматтық қоғам және бұқаралық ақпарат құралдары арасында жедел ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді. Брифинг барысында штабтың сайлауалды кезеңдегі және дауыс беру күніндегі жұмысы таныстырылды. 23 тамызда Орталық қоғамдық коммуникациялар орталығында арнайы ақпараттық алаң жұмыс істеп, өңірлерден тәуелсіз байқаушылар, құқық қорғаушылар мен сарапшылардың қатысуымен тікелей эфирлер өтеді.
Бекнұр Кисиков, қоғам қайраткері:
- Фактчекинг, ол - ақпарат дұрыс па, дұрыс емес па, зиян етеді ма, әсер тиеді ма деген сияқты тәсіл. Ақпаратпен жұмыс істеу тәсілі. Яғни, сайлау кезінде мысалы, ақпаратпен жұмыс істеу мәселесі – ол институт құрылмаған деп айтуға болады. Сондықтан осындай штабқа әрқашан келуге де болады. Осы жерден керек болса кеңес, көмек болса ақпарат жағынан штаб көмектеседі.