Құрылтай сайлауы елдің жаңа саяси бағытын айқындайды
Құрылтай сайлауы ішкі саяси тепе-теңдікті қалыптастырып, елдің саяси жүйесіне серпін береді. Еуразиялық және Жерорта теңізі зерттеулері орталығының департамент басшысы Алессандро Фанетти осылай деп пікір білдірді. "Халықаралық ахуал күрделене түскен тұста Астана көпвекторлы дипломатия жүргізіп, шетелдік серіктестікті нығайтуға ұмытылып отыр", - деді италиялық сарапшы.
Алессандро Фанетти, Еуразиялық және Жерорта теңізі зерттеулері орталығының департамент басшысы:
- Қазір әлемде ірі және орта державалар арасындағы бәсекелестік күшейіп келеді. Сондықтан Құрылтай сайлауының маңызы ел ішіндегі саяси үдерістермен ғана шектелмейді. Ол Қазақстанның Орталық Азиядағы стратегиялық рөліне ықпал ететін маңызды фактор болмақ.