Құрылтай сайлауы елдің ішкі дамуын қамтамасыз етеді
Құрылтай сайлауы Қазақстанның ішкі дамуын қамтамасыз етеді.
Ливандық журналист және геосаяси сарапшы Шарбель Баракат осылай дейді. Айтуынша, жаһандық тұрақсыздық белең алған кезеңде тепе-теңдікті сақтау маңызды. Ол үшін байыпты әрі кезең-кезеңімен жүзеге асатын институционалды даму қажет.
Шарбель Баракат, ливандық журналист және геосаяси сарапшы:
- Алдағы Қазақстандағы сайлау маңызды белес болмақ. Өйткені ол жаңа конституциялық модельді іс жүзінде жүзеге асыруға, яғни оңтайландырылған бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтайға көшуге мүмкіндік береді. Саяси жүйе цифрлық байланысы жоғары ортада өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың ерекшеліктерін, сондай-ақ қоғамның икемді әрі жедел мемлекеттік басқаруға деген сұранысының артуын ескере отырып дамып келеді. Халықаралық қатынастар тұрғысынан алғанда ел ішіндегі осындай орнықтылықтың маңызы зор.