Live Exclusive. Сайлауда АҚШ-та үш дауыс беру учаскесі ашылады
Құрылтай сайлауына шетелде жүрген отандастырымыз да белсенді қатыса алады.
Ол үшін әлемнің 60-тан астам елінде 80-нен аса сайлау учаскесі жұмыс істейді. АҚШ-тағы қазақстандықтардың саяси белсенділігін білгіміз келеді. Ол жақтағы сайлауалды ахуал қандай?
АҚШ-тың 3 қаласында дауыс беруге болады
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Осы күндері Астана мен Вашингтон, Қазақстан мен АҚШ арасында ерекше бір ұқсастық бар. Біз Құрылтай сайлауына дайындалып жатсақ, Америка халқы қараша айында өтетін Конгрестің аралық додасына қарбалас үстінде. Қос ел де аса маңызды сәтке куә болып, жаңа кезеңге аяқ басқалы тұр. Бұдан АҚШ-тағы отандастырымыз да қалыс қалмақ емес.
Вашингтон
Уақыт айырмашылығы 9 сағат
Нью-Йорк
Уақыт айырмашылығы 9 сағат
Сан-Франциско
Уақыт айырмашылығы 12 сағат
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Бұл елде тұрақты не уақытша мерзімде жүрген қазақстандықтар Вашингтондағы елшілік ғимаратында, Нью-Йорк пен Сан-Францискодағы бас консулдық кеңселерінде өз таңдауларын жергілікті уақытпен таңғы 7 мен кешкі сегіз арасында жасай алады. Естеріңізге сала кетейік, АҚШ-тағы сайлау учаскелері уақыт айырмашылығына байланысты өзге елдердегі дауыс беру орындарына қарағанда кейінірек ашылады. Мысалы, АҚШ-тың шығыс жағалауындағы қос қалада сайлау учаскесі Астана уақытымен түскі төрттен, келесі күннің таңғы бесіне дейін жалғасады. Ал ең соңғы болып кремний алқабындағы учаске тура он екі сағаттан кейін ашылады. Яғни бұл шаһардағы сайлау учаскесі Астананың кешкі жетісінен таңғы сегізге дейін жұмыс істейді.
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Сондай-ақ АҚШ-тағы дауыс берушілер арасында “Болашақ” шәкіртақысының иегерлері көп. Жақында Вашингтонда елші мен олардың жаңадан келген легі арасында кездесу болып, Құрылтай сайлауында дауыс беру тәртібі түсіндірілді. Олармен әңгімелесіп жатқанда Вашингтонның маңайындағы қалалармен қатар алыс-жақын штаттардан да келіп жатқан жерлестерімізді көрдік. Белсенді студенттер мен ғалымдар шалғайда жүрсе де, елдегі саяси үдерістерден отандық БАҚ арқылы хабардар болып отырантыдығын, 23 тамыз күні бірнеше сағаттық жолды артқа тастап, сайлау учаскелеріне келетінін айтты.
Ердана Ержанұлы, тілші:
- Құрылтай сайлауына, Қазақстандағы реформаларға Вашингтондағы сарапшылар да мұқият назар аударып отыр. Сенімді дипломатиялық серіктес әрі шетелдік инвестицияға тартымды мемлекет ретінде танылған Қазақстандағы өзгерістер зерттеушілерге де, инвесторларға да маңызды. Осылайша алдағы жексенбіде Ақ үй мен елшілігіміз қатар орналасқан осы 16-көшеден хабар таратып, осы жақтағы ахуалдан өздеріңізді хабардар етіп отырамыз.