«Байтақ» партиясының басты дебатқа дайындығы

Басты теледебатқа қатысатын тағы бір саяси күш

- «Байтақ» жасылдар партиясының штабына назар аударайық. Саяси ұйым экология мәселелерін бүгінгі пікірсайыста қалай көтермек? Бүгінгі дебатта партия қандай мәселелерді басты назарға алмақ?

Бақыт Топтаева, тілші:

- Арнамыздың түсірілім тобы дәл қазір «Байтақ» жасылдар партиясының штабында. «Басты дебат» алдында штабтағы атмосфера қыза түсті.

Ел тарихындағы елеулі өзгеріс – саяси құрылымның транфсформациясы басталды. Құрылтайдың алғашқы құрамына кімдер енеді? Оны осы жексенбідегі сайлау күні білетін боламыз. Ал оған дейін әр партия көшбасшысы сайлауалды бағдарламасын көпке жеткізуге бейілді. Мұндай мүмкіндік арнамыздағы Басты дебат алаңында берілмек. Теледебатқа бір сағаттан кем уақыт қалғанда жасылдар партиясының мүшелері осы штабқа жиналып, саясаи жобаны көппен бірге тамашаламаққа, әрі жанкүйерлік етпекке тас түйін дайын.

Айта кетейік, Құрылтай құрамына кіруге ниеттенген «Байтақ» партиясы негізінен қоршаған орта мәселелерін қозғайды. Себебі олар экология саясаты елдің экономикалық, әлеуметтік саясатпен қатар жүргізілуі тиіс деп біледі. Партия өкілдерінің айтуынша, экологиялық саясатта халықтың, бизнестің және мемлекеттің мүдделері қатар ескерілуі керек. Аймақтарды дамыта отырып, болашақ ұрпаққа қандай мұра қалдырамыз? – міне осы сауалды алға тартқан Байтақ партиясы бүгін теледебат кезінде сайлауалды бағдарламасында кеңінен тарқатып, көптің назарына ұсынатыны анық. Жалпы тағдыршешті ұсыныстар, келелі мәселенің жүйелі шешімдері – бұның бәрі жеті партияның бағдарламасында қарастырылған. Ендеше құрметті көрермен арнамыздағы «Басты дебат» жобасын қалт жібермеңіздер.