Испания Королі VI Фелипе Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады
2026 жылғы 19 тамыз
Король VI Фелипе Испания құрамасының футболдан әлем біріншілігіндегі жеңісімен құттықтағаны үшін Қазақстан Президентіне шынайы ризашылығын білдірді.
Испания Королі алғыс хатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тілеп, Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізді.