Құрылтай сайлауы: сарапшы пікірі

Құрылтай сайлауы Қазақстан үшін ғана емес, тұтастай аймақ үшін маңызды оқиға.

Үндістандық сарапшы Индрани Талукдар осылай дейді. Ол жаңа Конституция ел болашағының негізі мен берік іргетасы болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ мемлекетіміз Әділетті Қазақстанды құруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше мән беріп отырғанын жоғары бағалады.

Индрани Талукдар, Chintan Research Foundation ғылыми қызметкері:

- Біз алдағы сайлауды зор ынтамен қабылдап отырмыз. Тарих көрсеткендей, мемлекет өз халқының мүддесін басты орынға қоюы әрдайым оң нәтижелерге және мемлекеттің әл-ауқатының артуына әкеледі.