ОСК төрағасы бірқатар миссия мүшелерімен кездесті

Астанада Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассемблеясы миссиясының мүшелерімен кездесті. 

Нұрлан Әбдіров оларға саяси науқанның барлық кезеңі бойынша ақпарат берді. Сондай-ақ маңызды мезеттегі цифрлық шешімдердің енгізілу барысын таныстырды. ТҮРКПА комиссиясының құқықтық және халықаралық қатынастар бойынша төрағасы Осман Местен Құрылтай сайлауына дайындықты жоғары бағалады. 

Осман Местен, ТҮРКПА комиссиясының құқықтық және халықаралық қатынастар бойынша төрағасы:

- Қазақстанның үнемі техникалық серпіліске ұмтылатыны бәрімізге мәлім. Қазір Орталық сайлау комиссиясы жасанды интеллект негізінде Эйай-көмекшіні іске қосты. Бұл — тек Қазақстан үшін ғана емес, жалпы Түркі әлемі үшін де үлкен жетістік.

Мұнан соң Нұрлан Әбдіров ТМД миссиясының басшысы және Шанхай Ынтымақтастық ұйымы миссиясы Бас хатшысының орынбасарымен жекелеп жүздесті. Олар еліміздің жаңа кезеңге нық қадам басқанын айтып, сайлауалды науқанның бірқалыпты өтіп жатқанын атады. 

Игорь Петришенко, ТМД миссиясының басшысы:

- Қазақстандағы Құрылтай сайлауына дайындық барысын көріп отырмыз. Учаскелерде барлық азаматқа тең мүмкіндік жасалатыны қуантады. Мүгедектігі бар азаматтар үшін пандус, Брайель шрифті секілді маңызды бағыттар қамтылған.