Сарапшы: Құрылтайға көшу – саяси жүйені демократияландыру қадамы
Бір палаталы Құрылтайға көшу – Қазақстанның саяси жүйесін одан әрі демократияландыру бағытындағы маңызды қадам.
Брюссель Энергетикалық клубының сарапшысы Марат Тертеров осылай дейді. Оның пікірінше, жас мемлекеттің саяси жүйесін қалыптастырып, оны орнықты әрі тиімді ету оңай емес. Соған қарамастан Қазақстан 30 жылдан астам уақыттан бері тұрақтылықты сақтап, кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. «Құрылтай тәуелсіз әрі қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істейтін заң шығарушы органға айналса, бұл Қазақстанның саяси дамуы үшін үлкен жетістік болмақ», - дейді шетелдік сарапшы.
Марат Тертеров, Брюссель энергетикалық клубының сарапшысы:
- Аймақтағы қақтығыстарға, кикілжіңге қарамастан Қазақстан өз ішіндегі татулықты, тұрақтылықты сақтауға барын салды. Сондықтан мен мұның барлығы елдеріңіздегі дамудың табиғи процесі деп білемін. Қазақстанның саяси келбетінің өзгеруі заңдылық.