Көлік саласында Қазақстан-Сингапур ынтымақтастығы артады

Қазақстан мен Сингапурдың көлік саласындағы ынтымақтастығы артады.

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Changi Airport Group-тың бас атқарушы директоры Ям Кум Вэнгпен кездесу өткізіп, осы бағыттағы мәселені талқылады. Үкімет басшысы Президенттің халықаралық авиациялық хаб қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Астананың әуежай инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстардың жүріп жатқанын, соның ішінде екінші әуежайдың құрылысын атап өтті. Осы тұста тараптар екі ел арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту үшін елеулі потенциалдың барына назар аударды. Ян Кум Вэнг Астананың Еуропа мен Азия арасындағы көпір ретіндегі зор әлеуетін атап, Қазақстанмен әріптестігін одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін жеткізді.