Астанада Н. Әбдіров халықаралық байқаушылар миссияларының басшыларымен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров халықаралық байқаушылар миссияларының басшыларымен бірқатар кездесу өткізді.

Жиынға ТМД Парламентаралық ассамблеясы миссиясының өкілдері қатысты. Сайлау қарсаңында олар Қазақстанның заңнамасын зерделеп, халықаралық стандарттарды ескере отырып, ұсыныстар әзірлеген. Байқаушылар сайлауға түпкілікті бағалауды дауыс беру аяқталғаннан кейін беретінін атап өтті. Айта кетерлігі, Құрылтай сайлауына 777 халықаралық байқаушы аккредиттелді.

Игорь Брилевич, халықаралық байқаушы /ТМД ПА/:

- Біздің негізгі міндетіміз – сайлау процесінің қалай ұйымдастырылғанын бақылау, сайлауды тікелей ұйымдастырушылармен, оның қатысушылары мен саяси партия өкілдерімен пікір алмасу. Алайда біздің жұмысымыздағы ең басты мақсат – халықтың, сайлаушылардың көңіл-күйін білу. Яғни азаматтардың сайлау учаскелеріне қандай көңіл-күймен келетінін және бұл сайлаудан не күтетінін білу.