«Байтақ» партиясы насихат жұмыстарын қорытындылады
«Байтақ» жасылдар партиясы сайлауалды үгіт-насихат тобының жұмысын түйіндеді. Осы электоралды кезеңде партия мүшелері елдің түкпір-түкпірін аралап, экологиялық бағытта басқосулар өткізді.
Аймақтарда қордаланған тақырыптар талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды. Партия төрағасының сөзінше, бұл жолғы үгіт-насихат жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Саяси ұйымның 30 күнде атқарған жұмысын әлемдік байқаушылар тексеріп жатыр.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
- Бүгін сайлауалды жұмыстардың соңғы күні. Әрине, партияластарымыз әр аймақта, әр ауылда, әр ауданда, әр облыс орталығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Біздің партиямыз үгіт-насихат экологиялық керуенін жүргізді.