Жетісу облысында сайлау учаскелері жұмыс істей бастады

Жетісу облысында да сайлау учаскелері жұмыс істей бастады. Солардың бірі Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында орналасқан.

Өнер ордасында таңғы жетіде Әнұранымыз шырқалып № 386 дауыс беру  учаскесі ашылды. Бұл жерге 2 мыңнан аса адам тіркелген. Олардың алғашқы легі келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Жалпы аймақта 468 сайлау учаскесі бар. Оның 40-ы  әскери бөлімдер мен емдеу мекемесінде орналасқан. Саяси науқанға байланысты бүгін облыс орталығындағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін  тасымалдайды. Ал «Талдықорған әуендері» ансамблі   көшпелі концерт өткізіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Тимур Дәуітов, Облыстық умақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Жетісу облысы бойынша сайлаушылар саны 443 мың 200 адам. Сайлауға 11 аумақтық 468 сайлау учаскесі қатысады. 2989 адам жұмылдырылды. Сағат 07:00-де ҚР Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру бастады. Әскери бөлімдерде орналасқан дауыс беру учаскелерінде сағат 06:00-ден өтуде.