Сеул мен Токиодағы отандастарымыз дауыс берді. Live
Оңтүстік Кореядағы отандастарымыз да алғашқылардың бірі болып өз таңдауларын жасады. Сеулдегі №422 учаске сағат 07:00-де ашылды.
Саяси іс-шара алдында еліміздің Мемлекеттік Әнұраны орындалды. Сайлауда әсіресе Кореяның жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жастар белсенді. Ең бірінші болып Корё университетінің магистратурасында оқитын Ажар Кәрімжанова дауыс берді. Ала таңмен өз таңдауын жасағандардың бірі - Цуукуба университетінің студенті Әлішер Әзімбаев. Жас жігіт қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы, би бейнесінде келдім дейді. Жалпы учаскенің сайлау комиссиясының айтуынша, бүгін Кореяда 300-ге жуық сайлаушы дауыс беруі мүмкін.
Әлішер Әзімбаев, Цукуба университетінің студенті:
- Бүгін осы сайлауға би кейіпінде келіп тұрмын. Жалпы саясат пен тарихтың байланысын, оның сабақтастығын көрсеткім келеді. Әділдік пен халық билігінің негізі қалаған, Әйтеке би, Төле би, Қазыбек би сияқты ұлы бабаларымыздың аманаты - біздің рухани және саяси дамуына іргетасы болу қажет деп ойлаймын. Құрылтай қазақ тарихындағы ел тағдырын шешкен ұлттық жиын болған. Осы құрылтайға да өз үмітімізді артамыз. Біз елдегі оң өзгерістерге сенеміз және сол өзгерістердің белсенді қатысушысы болуына дайынбыз.