Дауыс беру жалғасып жатыр
Орталық сайлау комиссиясының сағат 18:00-дегі мәліметінше, Атырау облысында сайлаушылардың 70 пайызға жуығы дауыс беріп үлгерді.
Қазір 278 сайлау учаскесінде дауыс беру жалғасып жатыр.
Асланбек Шығыр, тілші:
- Осы тарихи күнде атыраулықтар да белсенділік танытып, өз таңдауын жасап жасап жатыр. Облыс бойынша 428 мыңнан аса тұрғын дауыс беру құқығына ие. Олардың ішінде 11 мыңнан аса адам вахталық әдіспен жұмыс істеп жатыр. Олардың қиындықсыз өз таңдауын жасауы үшін өңірдегі өндіріс орнында екі жаңа сайлау учаскесі ашылды. Ал Каспий қайраңын игеріп жатқан мұнайшылар үшін арнайы тікұшақ ұйымдастырылып, тасымал жәшігі жеткізілді. Бұл – жалпы өндіріс орындарындағы сайлаушылар үшін жасалған мүмкіндік.
Елдегі маңызды саяси оқиға – Құрылтай сайлауына атыраулықтардың белсенді қатысып жатқанын айттық. Мысалы, ел рекордын жаңартып, 165 тонна болатын жеті теміржол вагонын сүйреген Ерсейіт Бралин сайлау учаскесінің алдында күшті екенін тағы бір дәлелдеді. Учаске алдында жүк көлігін сүйреп, кейін өз таңдауын жасады. Сондай-ақ Қыз Жібек фильмінің саундтрегі «Гәкку» әнін орындаған Мүнира Ижанова да осы сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді. Бұдан бөлек, марафоншылар, ретро-стильде киінген театр әртістері, мультфильм кейіпкерлері, түрлі автоклуб мүшелері сайлау учаскелеріне барып, таңдауын жасап, белсенділігін танытты.