Call-орталыққа 300-дей қоңырау түсті

Батыс Қазақстан облысында сайлаушы саны мыңнан асатын 200 сайлау учаскесінде онлайн-сервис қызметі ұйымдастырылды. Ал 5 учаскедегі тіркеу қызметі Еш жерде есепте жоқ азаматтардың дауыс беруіне мүмкіндік жасады. Сайлау қарсаңында өз учаскесінің мекенжайын анықтай алмағандар да аз болмады. 109 бірыңғай байланыс қызметінің Колл-орталығына осындай сұрақтармен 300-дей адам қоңырау шалған. 

Арайлым Қырықбаева, 109 бірыңғай байланыс орталығының бөлімше басшысы м.а.:

- Ең көп мазалайтын сұрақ - учаскенің нөмірін анықтау. Кейбір тұрғындар бар, басқа қалаға жол жүретін немесе жұмыс бабымен баратын кезде қай жерден тіркеуден шығару, тіркеуге беру қағазын алу керек, сол сұрақтармен де өте көп қоңыраулар түсті. Жаңадан 18-ге толып жатқандардан да учаскені анықтау бойынша өте көп сұрақтар түсті.