ТҮРКПА: Құрылтай сайлауы – бүкіл түркі әлемі үшін маңызды іс-шара
ТҮРКПА атынан келген халықаралық байқаушылар тобы елімізде өткен Құрылтай сайлауына оң бағасын берді.
Ұйымның құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия төрағасы Осман Местен сайлау науқаны барысында қолданылған жаңа технологияларды ерекше атап өтті. Оның пайымдауынша, бүгін азаматтардың дауыс беріп, өз пікірін білдіруіне барлық қолайлы жағдай жасалды.
Осман Местен, ТҮРКПА Құқықтық мәселелер мен халықаралық қатынастар жөніндегі комиссия төрағасы:
- Түркпа ұйымының байқаушылары Астана мен Алматы қалаларында жұмыс істеді. Таңғы 07:00-ден бастап сайлау учаскелеріне барып, заңнамалық тұрғыда сайлаудың жоғары деңгейде жүзеге асқанын, барлық халықаралық талаптың сақталғанына куә болдық. Әсіресе бізді заманауи технологиялар, жасанды интеллектінің пайдаланылғаны таңғалдырды. Менің ойымша, Құрылтай сайлауына келген халық Қазақстанның саяси жүйесінде болып жатқан өзгерістерге деген қолдауын білдірді. Сондай-ақ бұл науқан тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін маңызды іс-шара екеніне сенімдімін.