АҚШ сарапшысы Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі туралы пікірін білдірді
Қос палаталы жүйеден бір палаталы Құрылтайға көшу Қазақстанның қазіргі жағдайы мен тарихи ерекшеліктеріне сай.
Қазақстанның Аризона штатындағы құрметті консулы Хью Холман осылай дейді. Айтуынша, жаңа жүйе халықтың мемлекеттік басқарудағы ролін күшейтеді. Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігін арттырады. Сарапшы реформалардың табысты жүзеге асуы дәл осы Құрылтай депутаттарының қызметіне де байланысты екенін айтады. Холман түбегейлі өзгерістер Қазақстанның халықаралық беделін нығайта түсті дейді. Сосын АҚШ-пен ынтымақтастық та артты деп есептейді.
Хью Холман, Қазақстанның Аризона штатындағы құрметті консулы:
- Конституция мәселелерін зерттеуші ретінде айтарым, кез келген елдің Ата заңы оның қазіргі жағдайы мен ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек. Қазақстанның қос палаталы жүйеден бір палаталы парламентке көшуі – өте орынды шешім. Қос палаталы жүйе, әдетте қоғамдағы әртүрлі мүдделерді жеке өкілдік ету қажеттілігінен туындайды. Мысалы, АҚШ-та штаттардың мүддесін Сенат, ал бүкіл халықтың мүддесін Өкілдер палатасы қорғайды. Ал Қазақстанға келсек, Құрылтай халықтың мемлекетті басқарудағы ролін күшейтуді көздейді деп ойлаймын.