Тәуелсіз байқаушылардың алдын ала қорытындысы
Алматыда тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штабы сайлау учаскелеріндегі дауыс беру барысына қатысты алдын ала қорытындысын жариялады.
Штаб өкілдерінің мәліметінше, сайлау нәтижесіне әсер етуі мүмкін заңбұзушылықтар тіркелмеген. Байқаушылар күні бойы еліміздің 20 өңіріндегі Әріптестерімен тұрақты байланыста болды. Сонымен қатар сайлау барысына арналған 12 сағаттық тікелей эфир жүргізілді. Штаб жұмысына өңірлерді қоса алғанда, жүзге жуық маман тартылған. Бақылау учаскелер жабылғаннан кейін де жалғасты. Штаб мүшелері қазір дауыс санау процесін қадағалап отыр. Мониторингтің түпкілікті нәтижелері арнайы брифинг барысында таныстырылады.
Рафаэль Гасанов, Тәуелсіз байқаушылардың ақпараттық штаб жетекшісі:
- Әріптестеріміздің мәліметіне сүйенсек, заңбұзушылықтар тіркелген жоқ. Бүгінгі сайлау тыныш өтті деп айта аламын. Жағдай бірқалыпты болды. Бұған аумақтық сайлау комиссияларының үйлесімді жұмысы әсер етті деп ойлаймын.