ТМҰ байқаушылары сайлау барысында заң бұзушылықтар анықтаған жоқ
Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушылары Қазақстандағы Құрылтай сайлауы ашық әрі халықаралық стандарттарға сай өткенін мәлімдеді.
Миссия елімізде 20-24 тамыз аралығында жұмыс істеп, 30-дан астам сайлау учаскесін аралып шықты. Делегация басшысының айтуынша, дауыс беру нәтижесіне заң бұзушылықтар тіркелмеген. Сондай-ақ Нуру Гулиев сайлау күні азаматтардың еркін таңдау жасауына қажетті жағдайдың барлығы қамтамасыз етілгенін атап өтті.
Нуру Гулиев, ТМҰ бас хатшысының орынбасары:
- Біздің миссия сайлау процесін көру үшін 32 сайлау учаскесіне барды. Жүргізілген бақылау барысында ешқандай заң бұзушылықты, сайлау учаскелерінің тәуелсіз жұмысына араласу фактілерін анықтаған жоқпыз. Сондай-ақ сайлау күні азаматтардың еркін дауыс беруін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті әкімшілік шаралар қабылданғанын атап өткім келеді. Қазақстан Республикасындағы Құрылтай сайлауын бақылау жөніндегі халықаралық миссия сайлаудың ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес ашық әрі ашықтық қағидаттары негізінде ұйымдастырылғанын мәлімдейді.