«Ел дауысы» байқаушылары: Сайлауда заң бұзушылықтар тіркелген жоқ
Құрылтай сайлауында дауыс беру қорытындысына ықпал ететін заң бұзушылықтар тіркелген жоқ. Ол ашық әрі заңнама талаптарына сай өтті.
«Ел дауысы» қоғамдық қоры ел бойынша жүргізілген бақылаудың нәтижесін осылай деп бағалады. Кеше қор атынан республика бойынша 600-ге жуық өкіл жұмыс істеп, олар 450-ден астам сайлау учаскесін қадағалауына алған. Сондай-ақ дауыстарды санау процесі мен хаттамалардың рәсімделуін де бақылаған.
Аида Жексенова, «Ел дауысы» қоғамдық қорының жетекшісі:
- Байқаушыларымыздың жұмыс істеген учаскелерінде жағдайдың объективті бағалануы маңызды болды. Сайлаушылардың белсенділігі жоғары, дауыс беру процесі ашық әрі заңнамаға сәйкес болғанын нық айтамыз. Саяси науқанда қандай да бір ақпарат түссе, оны алдымен тексеріп, кейін қорытынды жасаймыз. Мұндай ұстанымымыз ешқашан өзгермейді.