Тоқаев FIBA президентін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Тәуелсіздік сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық баскетбол федерациясының президенті Сауд Али Әл-Тәниді марапаттады.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы баскетболды дамытуға үлес қосқаны үшін Халықаралық баскетбол федерациясының президенті шейх Сауд Али Әл-Тәниді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады, — делінген Ақорданың хабарламасында.