Құрылтай сайлауы бойынша дауыс берудің қорытындылары

Орталық сайлау комиссиясы 23 тамыз күні өткен Құрылтай депутаттары сайлауының қорытындысын жариялады. 

Ең көп дауыс жинаған – «Әділет» партиясы. Оған 6 млн 528 мың 948 сайлаушы, яғни 71,17 пайыз дауыс берген. Нәтижесінде партия Құрылтайдағы 145 мандаттың 110-ын иеленді. Екінші орында – «Ауыл» партиясы. Ол 6,26 пайыз дауыс жинап, 10 мандатқа ие болды. Respublica партиясы 5,56 пайызбен 9 мандат алды. Ал «Ақ жол» партиясына 5,21 пайыз, ЖСДП-ға 5,11 пайыз дауыс берілді. Екі партия да Құрылтайдан 8 мандаттан алады. Қазақстанның Халық партиясы 3,11 пайыз, «Байтақ» партиясы 1,07 пайыз дауыс жинады. Ал сайлаушылардың 2,51 пайызы «Бәріне қарсымын» деген ұстанымды таңдаған. Осылайша, сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайдағы мандаттардың басым бөлігі «Әділет» партиясына тиесілі болмақ. Айта кетерлігі, сайлаушылар тізіміне 12 млн 623 мың 289 азамат енгізілген. Оның 9 млн 351 мың 539-ы дауыс беріп, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 74,08 пайызды құрады.