Тәуелсіз байқаушылар штабы жұмысын қорытындылады
Алматыда Тәуелсіз байқаушылар ақпараттық штабы Құрылтай сайлауы барысына жүргізген мониторингтің қорытындысын жариялады.
Штаб мәліметінше, дауыс беру елдің барлық өңірінде ұйымдасқан, әрі қалыпты жағдайда өтті. Ақпараттық штаб 20 өңірдегі жағдайды бақылап, сайлау учаскелерінен жедел мағлұмат жинады. «Келіп түскен барлық мәлімет жергілікті жерлердегі өкілдеріміз арқылы тексеріліп отырды. Бұл елдің бүкіл аумағында дауыс беру барысына объективті мониторинг жүргізуге мүмкіндік берді», – дейді Рафаэль Гасанов. Сайлау науқанының басты қорытындыларының бірі – азаматтардың жоғары белсенділік танытуы, дейді сарапшылар.
Нұржан Мұхамеджанова, медиаменеджер:
- Құрылтай сайлауының осындай дәрежеде ұйымшылдықпен өтуі бұл біздің еліміздегі азаматтардың саяси санасының, қоғамдық санасының өскендігінің айқын көрсеткіші деп ойлаймыз. Бұл біріншіден. Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуметтік желідегі ақпараттық жұмыстың өте бір үйлесімді түрде ұйымдастырылғаны.