Астанада Президенттің жаңа кітабы талқыланды

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға шыншыл сөз» кітабы талқыланды.

Жинаққа Мемлекет басшысының ел дамуына қатысты көзқарасын білдіретін таңдаулы ой-толғамдары мен пікірлері енген. Дөңгелек үстелге саясаттанушылар, ғалымдар, сарапшылар, қоғам және мемлекет қайраткерлері, сондай-ақ бизнес және шығармашылық саласының өкілдері қатысты. Жиынға қатысушылар кітапта көтерілген негізгі идеяларды талқылады. Әсіресе әділеттілік, заң үстемдігі, ұлттық бірегейлік, білім беру, цифрландыру және экологиялық мәдениет мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жалпы басылымда 21 бағыт қамтылған. Кездесуге қатысушылар Президенттің елдің болашағы, ұлттық бірлік, мемлекеттік тіл, жастар тәрбиесі мен рухани құндылықтарға қатысты ойларына тоқталды.

Қайрат Айтбай, Қазақстан кәсіпкерлері сыртқы экономикалық қызмет және инвестиция қауымдастығының төрағасы:

- Бұл кітаптан біз нені байқадық? Бұл кітаптан абайдың қара сөзімен , Шерхан Мұртазаның «Бір кем дүниесімен» өте ұқсастығын байқадық. Неге десеңіздер, Қасым-Жомарт Кемелұлы 19 жылдан бері сөйлеген сөздері. Ол тек қана экономика болмаса сыртқы саясат емес, өмірдің, отбасы болсын, ана тіл мәселесі, жастарды тәрбиелеу мәселесі, біздің идеологиямызды қай бағытта жүргізу мәселесі болсын, соның барлық жағында қазақшалап та, орысшалап та сөйлеген сөздерінің жиынтығы.

Сондай-ақ оқыңыз: