Халық кеңесінде қандай мәселелер талқыланады?
Халық кеңесі елдегі түрлі қоғамдық топтардың өкілдерін біріктіріп, жалпыұлттық диалог алаңына айналады. Құрылтай депутаты Айдос Сарымның айтуынша, мұнда тек заңнамалық шешімді қажет ететін мәселелер ғана талқыланбайды.
Күн тәртібінің аясы кең. Мінез-құлық мәдениетінен бастап жауапты ата-ана болу, өңірлердің проблемасы басқа да бастамалар көтерілуі мүмкін. Айта кетейік, ұсыныстарды тек жинап қана қоймай, оларды сарапшы-заңгерлермен, депутаттармен және мемлекеттік орган өкілдерімен бірлесіп пысықтау жоспарланып отыр.
Айдос Сарым, ҚР Құрылтайының депутаты
- Саясаттағы ең басты дүние – кеңесу. Мұнда қандай да бір мәселеге бейжай қарамайтын, сол істі алға жылжытқысы келетін адамдар өз идеясын ұсынады. Олар консультациялық механизмге ие болады. Менің ойымша, үш ірі қоғамдық санаттан іріктелетін 126 адам түрлі тараптың, өңірлердің мүддесін қорғайды. Бәлкім, аймақтарда көтерілген кейбір мәселелер Халық кеңесі арқылы Үкіметке де, Құрылтайға да, министрліктерге де жетіп отырады.