Президент пен Оңтүстік Корея премьер-министрі Alatau Smart City жобаларымен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оңтүстік Корея премьер-министрі Хан Сон Сук Alatau Smart City жобаларымен танысты. 

Шара барысында заманауи инфрақұрылым жасақтау, инвестицияға қолайлы жағдай жасау және цифрлық технологияларды енгізу бағыттары таныстырылды. Сондай-ақ корейлік серіктестерді жобаны жүзеге асырудың нақты шараларына тартуға баса назар аударылды. Атап айтқанда, бірқатар корей компанияларымен K-Smart қалашығын құру көзделген. Сонымен қатар жасанды интеллект технологияларын енгізу салаларында бірлескен бастамалар ұсынылды. Бұдан бөлек, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен аэротаксиді пайдалану мүмкіндігі таныстырылды. Alatau City жобасы қала құрылысы, білім беру және зерттеу, өнеркәсіп пен логистика, цифрлық технологиялар, инвестициялық ынтымақтастық салаларын біріктіретін ашық халықаралық платформа саналады.

Сондай-ақ оқыңыз: