Корея Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға дайын
Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы ынтымақтастық бұрын-соңды болмаған қарқынмен дамып келе жатқанына назар аударды.
Кейін сауда-экономикалық байланыстарды жандандыру перспективасына тоқталды. Осы уақытқа дейін Корея Қазақстан экономикасына 12 млрд доллардан астам инвестиция салды. Былтыр Қазақстанға 51 мыңға жуық корей азаматы сапармен келді. Бұған екі мемлекет арасындағы тікелей әуе қатынасының қарқынды дамуы айтарлықтай ықпал етуде. Президент Астана мен Сеулдің халықаралық аренадағы ықпалдастығына жоғары баға берді. Ал Корея президенті екі елдің сыртқы саясаттағы бағдары ұқсас екенін мәлімдеп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге бейіл екенін растады. Өндіріске арналған озық цифрлық технологиялар арқылы Қазақстан өнеркәсібін жаңғыртуға үлес қосуға әзір екенін айтты.