Президент Сауд Арабиясының короліне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдап, Салман бен Әбделазиз Әл Сауд пен оның отандастарын Корольдіктің Ұлттық күнімен құттықтады. Жазбада екі ел арасындағы достық және өзара қолдау рухында дамып келе жатқан сан қырлы ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді. Сондай-ақ Сауд Арабиясының Королі мен ел басшылығының жауапты қызметтеріне толағай табыс, ал сауд халқына құт-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: