Депутат құқықтық түсіндіру жүйесін түбегейлі жетілдіруді ұсынды

кадр бейнежазбадан

Бүгінгі Құрылтай отырысында «Әділет» партиясы фракциясының депутаттары елдегі құқықтық түсіндіру жүйесін түбегейлі жетілдіру қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды«24KZ».  

Құрылтай депутаты Берік Беркімбаев Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың атына ресми депутаттық сауал жолдап, заң нормаларын халыққа жеткізу жұмыстарын жүйелеуді сұрады.

Қазіргі таңда азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне қатысты көптеген нормативтік құқықтық актілер қабылданып жатыр. Алайда заң мәтіндерін тек халыққа жеткізумен шектелмей, олардың мазмұнын қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріп, іс жүзінде қолдану тәртібін көрсету аса маңызды екенін айтты. 

Құқықтық түсіндіру жұмысының тиімділігі өткізілген кездесулердің, жарияланымдар мен іс-шаралардың санымен ғана өлшенбеуі керек. Негізгі көрсеткіш – азаматтардың заң нормаларын қаншалықты түсінетіні, өз құқықтары мен міндеттерін білуі және қажетті құқықтық ақпаратты қолжетімді түрде ала алуы, - деді депутат. 

Депутаттық сауалда көтерілген негізгі мәселелер мен қатар ұсыныстарын да атап өтті. 

Бүгінде мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде заңдарға түсіндірме бергенімен, бұл жұмысты жалпы үйлестіріп, ортақ әдістеме қалыптастыратын нақты бір орган айқындалмаған. Осыған байланысты ортақ әдістеме әзірлейтін бірыңғай үйлестіруші құрылымды анықтау ұсынылды. Құқықтық түсіндіру жұмысының тиімділігі тек кездесулер мен жарияланымдардың санымен емес, азаматтардың заңды нақты қаншалықты түсінетінімен өлшенуі тиіс. Осы мақсатта халықтың құқықтық ақпараттану деңгейі мен қанағаттануын бағалайтын тұрақты әлеуметтік зерттеулер жүргізу тетігін енгізу қажет,- деді Берік Беркімбаев. 

Зерттеу нәтижелері негізінде азаматтарға түсінуге қиын заң нормаларын анықтап, оларды халыққа қолжетімді етіп жеткізу бойынша нақты шаралар қабылдау сұралды. Аталған мәселе бойынша министрлік заңнамада белгіленген мерзімде жауап беруі тиіс.

Сондай-ақ оқыңыз: