Астанада Халық Кеңесі комитетінің алғашқы отырысы өтті

Астанада Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Онда Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарына жүктеген міндеттерін іске асыру мәселелері қаралды. Қатысушылар бірқатар бастама мен ұсынысты ортаға салды. Экологиялық жобалар, ауылдық аумақтарды дамыту және кәсіпкерлікті қолдау шаралары жұмысты үйлестіру жөніндегі қорытынды жоспарға енгізіледі.

Алмас Алтай, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Барлық әріптестеріміз халықтың нақты жағдайынан хабардар. Біз қоғамның сұранысын әрі қарай жолға қойып, жақсы кезеңдермен іске асырамыз деген үміттемін. Комитет тұрақты комиссияларға бөлінді. Бұл комиссиялардың басында да елге белгілі, өз саласының өте білікті мамандары отыр. Жұмыста іркіліс болады деп ойламаймын. Президент саясатын ілгерілете береміз деп ойлаймын.

Сондай-ақ оқыңыз: