Семей жылу маусымына дайын болмаған: Бектенов шара қабылдауды тапсырды
Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Бүгінде жылу 11 өңірде беріле бастаған. Ал Семей қаласында жылу желілері уақытылы дайын болмаған. Осыған байланысты Абай облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тарту тапсырылды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұл мәселе бүгін Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс қаралды.
Жылыту маусымы жоспарға сәйкес басталды. Оңтүстік және батыс өңірлерде жылу бекітілген кестеге және ауа райы жағдайына байланысты беріледі. Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады,— деп атап өтті Олжас Бектенов.
Премьер-министрдің айтуынша, жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз ету тапсырылған. Бұл талапты Семей қаласы орындамаған.
Осыған байланысты Үкімет басшысы Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.