Қазақстан мен Испанияның Конституциялық соттары ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Фото: gov.kz

Қазақстан мен Испанияның Конституциялық соттары арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Кездесу Самарқандта өтті, деп хабарлайды «24KZ».

Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов Испания Конституциялық Сотының судьясы, Ибероамерикалық Конституциялық Әділет конференциясының Төрағасы Энрике Арнальдо Алькубильямен кездесті.

Тараптар тәжірибе және құқықтық ұстанымдар алмасу, бірлескен сараптамалық іс-шаралар өткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ екі конституциялық бақылау органы арасындағы кәсіби байланыстарды нығайту перспективалары қаралды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз.

Сондай-ақ оқыңыз: