Конституциялық Сот судьялары ант берді

Бүгін елордада Конституциялық Соттың судьялары ант берді.

Төраға Эльвира Әзімова бастаған он судья өз міндеттерін адал атқарып, бейтарап болуға және Ата заңның үстемдігін қамтамасыз етуге ант етті. Конституцияның 72-бабына сәйкес бұл орган елдегі конституциялық бақылауды жүзеге асырады. Судьялар өз қызметінде тек Конституцияға бағынады. Айта кетейік, азаматтар Конституциялық Сотқа өз құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келген жағдайда жүгіне алады. Ол үшін аталған талап азаматтың нақты ісі бойынша сот актісінде қолданылған болуы керек. Бұл ретте Сот шешімнің өзін қайта қарамайды, тек қолданылған талаптардың Конституцияға сәйкестігін бағалайды.

Назгүл Тұяқбаева, ҚР Конституциялық сотының талдаушысы:

- Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына сәйкес Конституциялық Соттың судьялары тағайындалғаннан кейін ант береді. Конституциялық Сот судьясының анты Конституциялық Сот судьясының міндеттерін адал әрі ар-ожданмен атқаруды, бейтарап болуды және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағына отырып, оның үстемдігін қамтамасыз етуді міндеттейді.

Сондай-ақ оқыңыз: