Орталық Азия - Әзербайжан: Президент 8 консультативтік кездесуде сөз сөйлейді

Президент Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Аваза» кешеніне барды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов күтіп алды. Президент алқалы кездесуде сөз сөйлейді. Авазада алты елдің басшылары Бірлескен мәлімдеме қабылдамақ. Әзербайжанның толыққанды қатысушы болуына байланысты бірқатар құжат та жаңартылады. Консультативтік кездесу 2018 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Былтыр Ташкенттегі жетінші кездесуде бестік алтылыққа айналды. Орталық Азия басқосуына Каспийдің арғы жағындағы Әзербайжан толыққанды қатысушы ретінде қосылды. Алты елдің экономикалық әлеуеті қарқынды. Жиынтық жалпы ішкі өнімі 620 млрд доллардан асады. Соңғы алты жылда елдердің өзара саудасы екі есе өсіп, 12 млрд доллардан асқан. Ендігі міндет – сауданы бірлескен өндіріс есебінен арттыру.

Сондай-ақ оқыңыз: