ҚР СІМ хусит жасақтарының Сауд Арабиясында шабуылдарын қатаң айыптайды
Қазақстан хусит жасақтарының Сауд Арабиясында адам шығынына әкелген шабуылдарын қатаң айыптайды, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Мұндай шабуылдарға гуманитарлық тұрғыдан жол беруге болмайды. Олар халықаралық құқық нормаларын бұзады. «Шабуылдарды дереу тоқтатуға және дағдарысты тек саяси-дипломатиялық құралдар арқылы шешуге шақырамыз», - делінген мәлімдемеде. Қазақстан Сауд Арабиясы Корольдігімен ынтымақтастық танытып, оның Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына сәйкес өз егемендігі мен қауіпсіздігін қорғауға құқылы екенін растайды.