Қазақстан мен Бельгия мәдени байланыстарды нығайтуға ниетті

Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне мәдени-гуманитарлық салада қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде әңгімеледі. 

Қос тарап, университет, музей мен мәдени мекемелер арасында байланыс орнатып, бірлескен білім беру бағдарламаларын дамытуға ниетті. Сонымен қатар Президент екі елдің халықаралық құқық нормаларын сақтап, көпжақты ықпалдастықты нығайтуға және қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуге бейіл екенін жеткізді. Бельгиялықтар Королі Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевқа ілтипатпен қарсы алғаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ Король Филипп Қазақстанның халықаралық аренада беделі артып келе жатқанына және экономиканың барлық саласында қарқынды өсім байқалатынына атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз: