Көші-қон заңнамасын жетілдіру жұмыстары басталды
Құрылтай депутаттары көші-қон заңнамасын жетілдіруге арналған заң жобасын әзірледі.
Президент тапсырмасы аясында Азаматтық, Еңбек және Әлеуметтік кодекстерге, сонымен қатар 14 заңға өзгеріс енгізу ұсынылып отыр. Әсіресе шетелдік инвесторлар мен жоғары білікті мамандарға арналған «Алтын визаға» қатысты ауқымды жұмыс жасалды. Оның иелеріне арнайы рұқсатсыз және квотадан тыс жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. Бұл Қазақстанға капитал, жаңа технологиялар мен білікті кадрлар тартуға бағытталған. Заң жобасында ұзақ мерзімді резидент мәртебесін беру, мемлекеттік және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті жеңілдету де қарастырылған. Құжаттар QazETA цифрлық платформасы арқылы «бір терезе» қағидатымен онлайн рәсімделеді. Сонымен қатар шетелге жұмысқа баратын отандастырымыздың құқықтарын қорғау және заңсыз делдалдыққа тосқауыл қою шаралары ұсынылған. Қазір заң жобасы жұмыс тобының талқылауына өтті.