Президент бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Оларға марапаттар елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін берілді.

Марапат иелерінің қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар. Барлығы 129 еңбек ардагері, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардың 473 жұмысшысы, шағын және орта бизнестің 200-ден астам өкілі, 150-ден аса педагог пен ғалым, 120-ға жуық медицина қызметкері, сондай-ақ күнделікті еңбегімен ел дамуына үлес қосып жүрген өзге де азаматтар мемлекеттік наградаларға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыз: