1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері өседі

Елде жалақының ең төменгі мөлшері кезең-кезеңімен көбейеді. Президент Жолдау аясында Үкіметке осындай міндет жүктеді, деп хабарлайды 24KZ.

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше мән беріледі. Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап осы салада жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысы үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін артады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

– Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын. Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 млн адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді.

Сондай-ақ оқыңыз: