Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Чехия Республикасының Тәуелсіздік күніне орай ел басшысы Петр Павелге құттықтау жеделхатын жолдады.
Мемлекет басшысы жеделхатта Қазақстан Чехиямен өзара құрмет пен сенімге негізделген әріптестікті жоғары бағалайтынын атап өтіп, екі ел халықтарының игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Петр Павелдің мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал чех халқына бақ-береке тіледі.