Әсел Жанасова ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі қызметіне тағайындалды
Әсел Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Көлік министрі болып тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды «24KZ».
Бұған дейін аталған қызметті атқарған Нұрлан Сауранбаев лауазымынан босатылды. Кадрлық шешімдерге қатысты тиісті Жарлықтар Ақорда сайтында жарияланды.