Елде жүк көлігіне жол ақысын төлеу жүйесі жетілдіріледі
Елімізде жүк көліктерінің жол ақысы қайта қаралуы мүмкін. Бұл мәселе Үкіметте талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.
Жұмыс тобының алғашқы отырысына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин төрағалық етті. Жиында отандық және шетелдік тасымалдаушылар үшін төлем тәртібін жетілдіру жолдары қаралды. Жүк көліктерінің қозғалысын цифрлық жүйе арқылы бақылау ұсынылды. Сондай-ақ жол ақысын төлеу талаптарының сақталуына бақылауды күшейту көзделіп отыр. Ұсыныстар қараша айының соңына дейін әзірленеді. Айта кетейік, бұл бастамалар жеке жеңіл автокөлік иелеріне қатысты емес. Өзгерістер тек коммерциялық жүк тасымалына бағытталған.