Табыс кілті. Ұлттық қолөнерді жандандырып жүрген этнодизайнер

Бүгінгі бағдарлама кейіпкері Ырза Тұрсынзада ұлттық қолөнерді жаңа заман трендіне айналдыра білген бірегей кәсіпкер. Оның ұлттық нақыштағы тауарлары Қазақстанда ғана емес, шетелдерде де үлкен сұранысқа ие. Бастапқыда ол өз дүниесін өзгеге сату үшін емес, көрсету үшін жасады. Шебер жасаған туындылар көрмеде келгеннің көне кәсіпке деген қызығушылығын оятты.