Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс – Қ.Тоқаев

Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс – Қ.Тоқаев

Сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек.

Мемлекет басшысы жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында осылай деді.

«Реформаларды сапалы заңдар арқылы жүргізу – ұзақ мерзімді жетістікке жетудің басты шарты. Мен жаңарған депутаттық корпус өзіне жүктелген бұл міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін

Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома, ақиқат», - деді Қ.Тоқаев.

Осы орайда, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайта түсу үшін реформаны соңына дейін жеткізуіміз керек екенін айтып өтті.

«Сот жүйесі жабық корпорация болмауы тиіс. Сондықтан, сот корпусын едәуір жаңартып, оған түрлі құқық салаларының мамандарын тарту керек. Үміткерлерді іріктеген кезде олардың кәсіби тәжірибесімен қатар, жеке қасиеттерін де ескерген абзал», - деді Президент.

Мемлекет басшысы жетінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын ашты